"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Өз еліме пайдалы болғым келеді ” тақырыбында сыр шерту

Тақырыбы: Өз еліме пайдалы болғым келеді.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойын отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Жеке тұлға ретінде қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосуына бағыт беру.

Міндеті: Патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, плакат, сөздер, жүрекшелер

Сабақтың барысы:

Әңгімелесу:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін бізде - “Өз еліме пайдалы болғым келеді ” тақырыбында сыр шертейік!

Мен сендерге “Отан туралы ” өлеңін оқып берейін.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған “Отан! ” деп сыбырлаған.

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайлы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

“Өз еліме пайдалы болғым келеді ” тақырыбында әңгімелесу

Сұрақ:

Туған өлкем дегенде ойыңа бірінші не келеді?

Өз атамекеніңді,  өлкенді сүйе білесің бе?

Оғандеген перзенттік парызды қалай өтеуге болады?

“Менің қайырымды,  патриоттық, адамгершілігі мол істерім” тренингі

Оқушылар өздерінің жақсы қайырымды істері туралы айтады.

Терезе жаттығуы”.

Мақсаты: бұлшық еттерді босаңсыту, сергіту.

Нұсқау: бәріміз шеңбер бойымен арқамызды беріп отырамыз. Саусақ қимылдары арқылы жаттығу жасаймыз.

Жай жауын басталды- саусақтар арқылы тықылдату

Нөсер күшейді-жұдырықпен соғу

Қатты жел тұрды-сипау

Су ақты- арқаны сипау.

Суретті тест.

Нұсқау: қатысушылар ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың суретін салып бүгінгі әңгімелесуден алған әсерлерімен бөліседі.

Күннің суреті: әңгімелесуге қатысушылардың толық, қанағаттанғандығы

Бұлттың суреті: алған әсері төмен

Жаңбырдың суреті: ешқандай әсер алмаған.

Жаңартылған күні: 11.05.2020 18:50
Құрылған күні: 11.05.2020 18:51

Текст