"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби және кәсіби емес білім

Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: тренингтер, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

І. Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.

ІІ. Негізгі бөлім
2. Тақырыпқа кіріспе.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?

«Ми шабуылы» — ой қозғауы
Мамандық дегеніміз не?
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Мамандық қасиеттері» жаттығуы
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.

«Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.

«Әріпті мамандық» ойыны
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір әріптен беріледі. Әр топ өзара келісе отырып, сол әріптен басталатын мамандық аттарын жинақтап жазып, ауызша атап шығулары керек. Сонымен қатар, өздері тапқан мамандықтарының қыр — сырын айту керек.
Мысалы:
І топ: «А», ІІ топ: «К», ІІІ топ: «Ж», ІІІ І топ: «Б»

Жаңартылған күні: 12.05.2020 11:24
Құрылған күні: 12.05.2020 11:32

Текст