"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдай біл тренинг 9-сынып

 

Тақырыбы: «Мамандық таңдай біл!»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, класификациялық белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістарі туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру

 

Трениг ережелері: Сыйластық; Тыңдай білу; Белсенділік таныту; Шығармашылық; Төзімділік; Түсініктік қарым-қатынас.

 

Көрнекілігі: Ақ парақтар, мамандық аттары жазылған карточкалкар, доп түрлі түсті парақтар, ақ ватман.

Ұйымдастырылу кезеңі: Сәлемдесу, қатысушыларды екі трпқа бөу.

Танысу жаттығуы. Шарты: кезелген оқушыға бір мамандық атап, допты лақтырамын: Қағып алған оқушы, жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әріпінен басталатын кәсіпті айтады. Мысалы: мұғалім-механик, т.б ойын осылайша жалғаса береді.

 

Негізгі бөлім.

Мамандық таңдау-өте жауапкершілікті маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қоғамның дамуына мамандық иелерін жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілеті, еңбек етуге деген сүіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

 

1.«Әріпті мамандық» ойыны.

Екі топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айтулары керек.

2. Жаттығу: «Кездесу»

Ортаға адам шығады. 4-4т-ен бөлініп, екі щеңбер құарады. Бірінші шеңбер іште, ал екінші шеңбер сыртында тұрады. Музыка қосылған кезде екі шеңберде тұрған адамдар қол ұстасып айналады. Музыка тоқтаған кезде

жүргізуші сұрақтар қояды. Қойылған сұраққа екі шеңберде бетпе-бет тұрған адамдар жауап береді. Музыка қосылып, шеңбердегі адамдар қол ұстасып айналып, музыка тоқтаған кезде тағы да сұрақтарға жауап берді. Осылайша трениг жалғасады.

Қойыалтын сұрақтар:

1.Аты жөні, туған жылы сұралады?

2.Бірінші сыныпқа қай жылы барды?

3.Қалай еркелетке ұнайды?

4.Аяқ киімнің өшемі?

5.Ашуланған кезде қандай сөз ауызыңызға түседі?

6.Өзіңізге сәттілік әкелетін ұнайтын сан?

7.Ең алғашқы ұстазының есімі?

8.өмірде алға қойған мақсаты?

Қорытынды кезнде әрбір тренигкке қатысушы өзіне кездеске адам туралы мәліметтерді ортаға шығып айтады.

 

3. Жаттығу. «Менің атым және қасиетім»

Қатысушылар шеңбер болып отырады, бір біріне допты немесе ойыншықты беріп, өздерінің атын айтады және өхздерінде бар қасиеттерді есімінде, тегінде және әкесінің атының бастапқы әріптерінен басталатын қасиеттерді айтады. Бұ жаттығуды Қарлы жентек ғдісімен орындауға болады: Әрбір келесі қтысушы бұған дейін айтылғандарды қайталайды және өзінің аты мен қасиеттерін қосады.

Жүргізуші жаттығуды қорытындылай отырып, қатысушылардың қасиеттрінің бір біріне ұқсамайтындығын айтып, дегенмен барлығы бірге жұмыс істейтіндігін айтады.

 

4. «Мамандықты тап» ойыны.

Тренигке қатысушылар карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көсетуге тырысуы керек. Қалғандары мамандықты табулары керек.

Хатшы. Мұғалім. Кітапханашы. Бухалтер. Банк қызметкері. Слесар. Сатушы. Дәнекерлеуші.

 

5. Егер де мен ... болсам ...

Оқушылар көп нүктенің орынына өздері таңдаған мамандықты қойып, сол мамандық таңдаудағы мақсаттары жайлы ойларын қысқаша түйіндеу қажет.

 

 

6. Бұл қай мамандық?

Нұсқаулық: Бұл ойында оқушылар төмендегі берілген сипаттамаға сғйкес белгілі бір мамандық иесін анықтауы тиіс.

1.Жұмыс құралы: техника, транспорт.

2.Еңбектің мақсаты: қызмет көрсету.

3.Еңбектің орындалуы: отырып.

4.Еңбектегі қарым-қатынас ортасы: адамдармен.

5.Еңбектегі жауапкершілік: өмір және денсаулығы.

6.Жұыстың ерекшелігі: күделікті табыс.

7.Жұмыстың ауыртпалығы:жүйке қызметінің қызметінің бұзылуы,әртүрлі аурулардың жұғуы, заң бұзушылық, төменгі сатыдағы мамандық.

8.Жұмыс уақыты: нақты уақыты көрсетілмеген, ешкімге тәуелді емес.

9.Сол жұмысқа қажетті біімінің деңгейі: орта білім, арнаулы орта білім, жоғары білім.

10.(Жауаубы: Таксист)

 

7. Суретті тест. «Тренигтен алған әсерің»

Қатысушыларға ақ параққа күннің бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренигтен алған әсерің, бір - біріне тілектерін осы берілген суреттердің біреуіне жазады

Күннің суреті - тренигке қатысушының толық қанағаттанғаны көілденгені.

Бұлттың суреті - алған әсері төмен.

Жаңбырдың суреті - ешқандай әсер алмағаны.

Жасыл шөптер - көңілді, жақсы әсер алғаны.

 

 

Жаңартылған күні: 12.05.2020 11:57
Құрылған күні: 12.05.2020 11:57

Текст