04.02.2021
Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында 2021 жылдың 23-24 қаңтар аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Республика көлемінде III «Абайтану» олимпиадасы онлайн режимде өткізілді.
Ережеге сәйкес олимпиада 2 айналымнан тұрды.
1-ші айналымда қатысушылар Абай қара сөздері мен поэзиясы негізінде эссе жазса, 2-ші айналымда Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнын жалғастыру, роман мазмұнына қатысты «сократтық» сұрақтар арқылы жалпы білімін, логикалық ойлау деңгейін тексеру; Абай өлеңдеріне теориялық, эстетикалық талдау; Абай іліміне оқушы көзқарасы; Абайтанушылар арқылы баланың ізденісін, берілген сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауатын тексеру жұмыстары өткізілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Малчыбай Айсулу –алғыс хатпен марапатталды.
Айсулуға тек қана сәттілік тілеп, тек қана биіктерден көріне берсін дейміз!