"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аубакирова Калдыгуль Байдрахмановна

08.03.2021
Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аубакирова Калдыгуль Байдрахмановна педагогикалық қызметін Степной орта мектебінде 2006 жылдан бастады. Білім берудің әдістерін теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да жоғары деңгейде меңгерген мықты педагог, қоғам қайраткері.
Мұғалім дәстүрлі технологиялармен қатар оқытуда оқушының өзіндік дамуына септігін тигізетін жеке-коммуникативті жаңа технологияларды сабақ беру әдістемесінде қолданады.
Калдыгуль Байдрахмановна белсенді өмір ұстанымын алға қояды, мектептің және қоғамдық мәселелерді шешуде тысқары қалмайды. Өте мәдениетті, мейірімді, әрқашан сөзбен де іспен де қолдау көрсетіп, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің беделіне ие жан және мейірімді кеңесші. Жанды және шығармашылық ашықтығы, өз ісіне берілуі, өз жұмысына деген сүйіспеншілігі, өзіндік қалыптасқан еңбек қызметі, мейірімділігі мен адамгершілік қасиеттері үлгі тұтар. Әріптестері алдында сый-құрметке ие тұлға. Мектепте жұмыс жасаған уақытында мұғалімдермен қарым-қатынас жасау өнерін меңгеріп, іскерлік қарым-қатынас орнатуға, кәсіби достыққа, мейірімді қарым-қатынас атмосферасын жасауға көңіл бөлді.
Аубакирова Калдыгуль Байдрахмановна көп жыл бойы мектепті басқару жұмысында ұжымын биік жетістіктерге жетелей білді.
Мектеп басшысы ретінде көптеген облыстық, республикалық, халықаралық форум, семинар мен конкурстарға қатысты: «Разработка контрольно-измерительных материалов областной системы тестирования учащихся», Көкшетау, 2014 жыл; «Педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдары», Алматы, 2014 жыл; «Вечному народу – информационная школа – творческий педагог – конкурентноспособный ученик», Алматы, 2014 жыл; «Инновациялар білімде», Астана, 2014 жыл; Дистанционная олимпиада для учителей по русскому языку, 2014 жыл; IV Международная ярмарка социально-педагогических инноваций, 2014 жыл; Мұғалімдерге арналған «Инфоурок» жобасы, 2015 жыл; мемлекеттік университеттің «Эффективное лидерство в образовании», Астана, 2015 жыл, дөңгелек үстел.
Аубакирова Калдыгуль Байдрахмановна кәсіби қызметімен қатар «Нұр Отан» париясының мүшесі, сайлау комиссиясының төрайымы, Акмола облысы білім басқармасының директорлар алқасының мүшесі, аудандық әкімшілікпен тығыз байланыста жұмыстар атқарады.
Абыройлы ұстаз, асыл да ардақты ана аудандық білім беру бөлімінің, Шортанды ауданы әкімінің, Ақмола облысы білім басқармасының, Ақмола облысы әкімінің, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің грамоталарымен марапатталған
Просмотров: 118


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст