08.03.2021
Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана - ақыл-білім панасы,
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы.
Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, еңбек өтілі 22 жыл.
1998 жылы Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін бітірген.
Білім саласындағы жолда көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Қ.Бітібаеваға арналған қазақ тілі мен әдебиет пәні олимпиадасында шәкірті Шәкен Диана (10 сынып) -ІІІ орынды, сонымен қатар, облыстық пәнаралық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындар иеленді.
Шәкірті Малчыбай Айсулу VII республикалық "Ақберен" байқауының облыстық деңгейінде 1орынды иеленді.
Жұмыс барысында жылда, тынымсыз еңбегінің арқасында педагог-қызметкер оқушыларына дұрыс мақсат қоя білді, алға жетелеп, көптеген аудандық, облыстық байқауларының жүлдегерлерін баптады.
Серикбай Надя "Үздік педагог" байқауының жүлдегері, аудандық, облыстық семинарларда тәжірибесімен бөлісті.
Ұрпақтың ұлы болуы, заман талабымен білім арнасына қосылып, өмір белесін бағындыру- тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны хақ. Шәкіртті қия-шыңға шарықтататын да, білімнің қайнар көзімен сусындатып, жастардың ұшқыр ойына ұтымды сөз қосатын да ұстаз Серикбай Надя - оқушыларына білікті тәлімгер, сенім артар серігі бола білетін адал жан, шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін ұстаздардың бірі.