08.03.2021
Жетекші мектеп салған алтын көпір.
Аудандық семинар.
Қомпьютерлік және телекоммуникациялық оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде нық қадам басып, үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданысына айналды.
Шортанды ауданында 3 Жетекші мектеп серіктес мектептерге сүймелдеу көрсетіп, педагог қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісе қызмет атқаруда.
Серіктес мектептің жұмысын тиімді үйлестірудің нәтижесінде, желілік кәсіби қоғамдастығы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында жұмыстар ұйымдастырылып, жетекші мектеп ретінде ауданның әдістемелік қызметімен, Көкшетау қаласының ПШО (педагогикалық шеберлік орталығымен) ынтымақтастық тетігін қамтамасыз етіп, жүйелі түрде жалғасып келе жатыр.
01.03.2021 күні “Шортанды кентінің №3 жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен бірлесе, «Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі - қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында Жетекші мектептің педагог қызметкерлері: Степной орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ибраева Шаттық Балықбаевна, Степной орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Абишев Кенесбай Вахитович шеберлік сыныптарымен бөлісті.
Көкшетау қаласының педагогикалық шеберлік орталығының тренері Журунтаева Сәуле Баекешевна қатысып, семинарға талдау жасап, ой-пікірімен бөлісті.
Тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге аудандық білім бөлімінің сертификаттары табыс етілді.
Бағдарламасы мазмұнды, оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятуға, білім сапасын арттыруға бейімделген тиімді әдіс-тәсілдер ұсынған семинар жоғары деңгейде өтті.
Мектеп ұжымына және серіктес мектеп басшылары мен белсенділік танытып, тәжірибелерімен бөліскен педагог қызметкерлерге алғыс білдіреміз!
Бірнеше мектептен жиналған білікті ұстаздардың тәжірибелері арқылы алтын көпір салына берсін!