"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұлы адамдар достығы" атты іс шара

21.03.2021
2021 жылдың 18 наурызында "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
"Ұлы адамдар достығы" атты іс шара өткізілді. Іс шараға жоғары сынып оқушылары қатысты. Тәрбие сағаттының басты мақсаты: оқушылардың бір біріне деген ауыз біршіліктерін арттыру, қиын шақта бір біріне сүйеу болу, ортақ іске қызығушылықтарымен, өмірлік көз қарастарын арттыру. Ұлы адамдардың достығына қарап, нағыз достық қандай болу керек деген сұраққа жауап беру. Достық заңын қандай болатынын ұғындыру.
Тәрбие сағатында мысалға алатын ең ұлы достық Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хандар достығы арқау болды. Екеуі бас біріктіріп аталас туыс болсада алдарына бірінші орынға достық деген ұғымды қойды.
Кейінгі ұлылардың достығына Кенесары хан мен Ағыбай батыр достығы Махамбет пен Исатай батыр достықтарын ауыз толтырып айтуға болады.
Тек қана батырлар достығы үлгі өнеге емес, шығармашылық адамдарының да достығы кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болып қалды. Соның ішінде Сүйінбай ақын мен Дәурен салдың достығы, Шоқан мен Достоевский достығы , М.Жұмабаев пен М.Горький достығы, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың достығы әлі ел аузында.
Осы өткізілген тәрбие сағатының арқасында мектеп оқушыларының арасында да ұлы достық сезімі жалғасын табары сөзсіз.
Үлкен-кіші демей, сіз-біз деп сыйласатын ұлы достық достық сезімін барлығыңызға тілеймін!. ДОСТЫҚ-ЕҢ ҰЛЫ СЕЗІМДЕРДІҢ БАСТАУЫ!
Іс шараны өткізген тарих пәнінің мұғалімі: Ибраева Ш.Б.
Просмотров: 171


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст