"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Махамбет оқуларының» аудандық байқауы

23.04.2021
«Махамбет оқуларының» аудандық байқауы өткізілді.
Ауданымызда жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық Махамбет оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.
Аудандық Махамбет оқуларының негізгі мақсаты мен міндеттері:
Мектеп оқушылары арасында Махамбет шығармаларын насихаттау;
- Олардың шығармашылық қабілеттерін,эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім,мәдениетін дамыту;
- Ұлылар поэзиясына,рұхани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын,ізгілікке,демократияғажәне азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана сіезімдерін,тарихи танымдарын қалыптастыру. Махамбет оқулары 3 номинация бойынша өткізіледі:
1. «Ел құтқарар ер едім» номинациясы – Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқу .
2. «Тартынбай Сөйлер асылмын...» номинациясы жас дарындар конкурсы өз шығармаларын орындау.
3. «Ұлы арман» номинациясы – Махамбеттің күйлерін, Фариза Оңғарсынованың өлеңдеріне шығарылған әндерін орындау
Облыстық байқауға қатысу үшін аудандық байқаудан үздік деп шыққан «Тартынбай Сөйлер асылмын...» номинациясы бойынша мектебіміздің 8 сынып оқушысы Нұрлан Аяулым облыстық Махамбет оқуы байқауына қатысуға жолдама алды.
Облыстық байқауға сәттілік тілейміз!
Просмотров: 134


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст