25 мамыр күні "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 9,11 сынып түлектеріне арналған "Соңғы қоңырау" салтанатты іс шарасы өткізілді. Мектебіміздің директоры Тынысбекова Балшекер Калабаевна түлектерімізге жылы лебізін білдіріп, ақ жол тіледі. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ақшалов Мерей Төлегенұлы және Шортанды ауданы білім бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасеновна түлектерімізді құттықтап, алдағы болатын мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ-да сәттілік тіледі. Салтанатты кештен кейін 11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге мектеп өмірінің соңғы сабақтарын өткізді. Алда жаңа достар мен жаңа жетістіктер бар, бірақ бұл күн олардың есінде мәңгі қалады. Сәттілік, біздің қымбатты түлектеріміз !!!