01.06.2021
Құрметті балалар және ата - аналар!
«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, бала – біздің басты байлығымыз. Адам өмірінің мәні мен сәні – өсіріп отырған ұрпағы емес пе?! Бүгінгі ерке құлыншақтар – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы. Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды еріте тұғын сәбидің сыңғыр күлкісі екені бәрімізге белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ!
Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Мерекелеріңізбен!
Изгі ниетпен мектеп директоры Тынысбекова Б.К.