02.06.2021
Бүгін 1 маусым жаз айының алғашқы күнімен қатар келетін мереке "Балаларды қорғау күні" құтты болсын. "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ " Айгөлек" жазғы ауласының ашылу салтанаты және балаларды қорғау күні мерекесіне арналған іс—шара ұйымдастырылды. Балалармен көңілді ойындар мен сайыстар өткізілді. Іс шара соңында балаларға демеушілеріміздің сыйлықтары, балмұздақтары мен тәттілері табысталды.Осындай сыйлықтармен қамтамасыз еткен А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Серекпаева Нурлан Амангельдіұлына және жеке кәсіпкер Ибраева Шаттық Балықбайқызына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Әсіресе «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына" ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бұл танымал орталықта біздің көптеген оқушыларымыздың ата-аналары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біз Дамса ауылдық округін көгалдандыру жұмыстары бойынша аталған орталықпен тығыз ынтымақтастамыз.
Сіздің көмегіңіз - бұл біздің мектептің оқушыларына материалдық қолдау көрсету. Жақсы істер назардан тыс қалмайды. Көмек бере отырып, сіз тек материалдық құндылықтарды ғана емес, балаларға қуаныш сыйлайсыз.
Сізге барлық жақсылықты, денсаулық пен ұйымыңызға өркендеу тілейміз!
Құрметпен, Степной ауылының орта мектебінің ұжымы.