10.06.2021
4 маусым күні біздің еліміздің тарихында ұлттық бірлікті нығайтуға, қазақстандықтардың патриотизмін тәрбиелеуге ықпал ететін мемлекеттік мереке ретінде бірнеше ондаған жылдар бойы аталып келеді. Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнеледі. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!
"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ 4 маусым күні мектеп ұжымы мен оқушыларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын салтанатты түрде орындауынан басталды.
Осы атаулы күнге арналған викториналар, дөңгелек үстелдер және презентациялар өтті. Жоспарланған іс-шаралардың басты мақсаты — оқушылардың Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту, Қазақстан Республикасының рәміздеріне деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу болды.