12 және 14 маусымда "Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-де 9 және 11 сынып түлектері үшін аттестат тапсыру салтанаты мектеп аумағында өткізілді. Мектебіміздің директоры Тынысбекова Балшекер Калабаевна түлектерімізді құттықтап, негізгі және жалпы орта білім беру туралы аттестатын табыстады. 2020-2021 оқу жылын мектебімізде 9 сыныпты-23 оқушы(қазақ тілді оқыту-16 оқушы, орыс тілді оқыту-7 оқушы), 11 сыныпты-15 оқушы (қазақ тілді оқыту-12 оқушы, орыс тілді оқыту-3 оқушы) аяқтады. Оның ішінде "Алтын белгі" иегерлері: Олжабай Шыңғыс және Малчыбай Айнур. Үздік аттестатпен бітірген 9 сынып оқушылары: Серікжанқызы Аружан, Малчыбай Айсулу, Хуанышбек Айсара, Воекова Алина, Чересленко Раиса. Ата-аналар, сынып жетекшілер мектеп бітіруші түлектер түлектерімізге ең жылы сөздері мен тілектерін білдірді. Ал мектеп бітірушілер өз кезегінде мұғалімдер мен ата-аналарына әсерлі әндер мен өлеңдер арнады. Түлектеріміз "өмір" деп аталатын кітаптың жаңа тарауын бастағалы жатыр. Бұл қаншалықты қызықты және терең болатыны өздеріне байланысты. Түлектерімізге өмір жолында сәттілік пен жақсы жетістіктер тілейміз!