23.11.2021
Кеше ғана жадыраған жазды құшақ жая қарсы алып, мәз-майрам боп едік. Бүгін жаз да қол бұлғап, есіктен қимай-қимай қарап тұр...
Күз бір өзі келген жоқ. Білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш.
Біздің мектепте оқу жылы жарқын, қызықты және мерейлі басталды. Бірінші сынып оқушылары үшін салтанатты жиын өтті, онда олар өздерінің алғашқы оқулық-әліппесін алды. Оқушылар мен ата-аналарды мектеп директоры Тынысбекова Балшекер Калабаевна және Дамса ауылдық округінің бас маманы Байтенов Абай Ерланұлы құттықтады.
2-11 сыныптар үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздіктің жетістіктері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.