23.11.2021
Біздің мектебімізде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен,Володина Анна Александровнаның жетекшілігімен “Culture Quiz Competition” сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Қазылар алқасында Аққу Серікжанқызы қатысты. Қатысушылар ағылшын тілді елдердің мәдениетін білуден сайысқа түсті. Сайыста 6 тапсырма болды. Қатысушылар мақал-мәтелдер құрастырды, жұмбақтар шешті,әріптерден сөздер құрастырды және танымал адамдардың есімдерін атады. Іс-шара қызу өтті,оқушылар сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Іс-шара соңында қатысушыларға естелікке шағын кәдесыйлар берілді.