23.11.2021
Бүгін мектебімізде ҚР тілдер күніне орай Тіл дарын байқауы өтті. Тіл дарын байқауының мақсаттары мен міндеттері: - үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілдікті насихаттау; - Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру. - оқушылардың үш тілде оқып-үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Аубакирова К.Б. -орыс тілі пәнінің мұғалімі, 8-11 сыныптар арасында мектепішілік “Тіл дарын” байқауын өткізді. Мектеп директоры Тынысбекова Б.К., қазақ тілі пәнінің мұғалімі Серикбай Н., Тәрбие ісі бойынша орынбасары Баймусинова А.С.,әділ қазылар алқасында болды.
Тіл дарын байқауы 6 кезеңнен тұрды. Балалар өздерінің 3 тілде сөйлеу қабілеттері, жан-жақтылық таным, мәдениеттану және мақал-мәтелдер бойынша өздерінің білімдерін көрсетті. Сайыс нәтижесі бойынша 8а сынып оқушысы Бақытбек Назым-І орынды, 9а сынып оқушысы Мукушев Максат - І орынды, 10а сынып оқушысы Мұхиден Мақсат - І орынды, 11а сынып оқушысы Амангелді Гульмира - І орынды иеленді.
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.