Текст
Мектепішілік жоспарға сәйкес жаратылыстану-математика бірлестігінің апталығына орай 23 қараша күні математика мұғалімі Амантай Ақерке Айымбекқызы 6 “А” сыныпта “Рационал сандарды бөлу” тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланды. Тапсырмалар бірнеше құрылымнан: интерактивті тақтамен, карточкамен, тақтамен, жеке жұмыстардан тұрды. Оқушылар сабаққа белсене ат салысып, өз білімдерін көрсете білді.