Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында аудандық білім беру бөлімінде Шортанды ауданының білім беру жүйесінің жетістіктері көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ауданның барлық оқу орындары, соның ішінде Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі қатысты.Біз қонақтарға мектептің 30 жылдағы тарихы, жеткен жетістіктері, директорлар туралы мәліметтер, бейнероликтер мен көрнекі материалдарды ұсындық. Сонымен қатар, «Алтын белгі» иегерлерін атап өттік.Мектептің спорттық жетістіктеріне, атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Рива Вера Райнгольдовнаның жетекшілігімен велоспорттан шәкірттеріміздің жоғары жетістіктерге жетуіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ оқушыларымыздың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған үздік қолөнер бұйымдары ұсынылды.