12.12.2021
9 желтоқсан күні «Степное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мектептің 30 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шара өтті. Бұл шараға ауданның мәртебелі қонақтары, Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ахметова Ш.Х., Дамса ауылдық округінің әкімі Абдрахманова Г.Ж., Бараев атындағы АШҒОӨ-ның бас директоры Серікпаев Н.А., аудандық «Шортанды Жаршысы» газетінің бас редакторы Қабдешова Г.С., педагогикалық еңбек ардагерлері Едігенов Қ.Т., Ляшенко А.А., Хавдолда Г., Филютина В.Н., облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Хаверко Т.С. қатысты. Қонақтарға мектептің үйірме жұмыстары «Драма үйірмесі», «Домбыра үйірмесі», «Хормен ән айту» үйірмесі, «Біз біргеміз» отбасылық клубы, «Қазақша күрес» спорт секциясы, «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесімен таныстырылды.
Қонақтар назарына мектеп жетістіктерінің көрмесі ұсынылып, мерекелік концерт қойылды.
Мектебіміздің 314 түлек бітірді, оның 10-ы «Алтын белгі» иегері. Мектеп оқушылары республикалық, облыстық, аудандық байқаулар мен ғылыми жұмыстардың жүлдегерлері. Мектеп жыл сайын «Ауданның үздік білім беру ұйымы» номинациясы бойынша І және ІІ орындарды иеленсе, 2020-2021 оқу жылында І орынға ие болды. 2015 жылы мектеп облыстағы ең үздік жиырма мектептің қатарына енді.
Мектебімізге өркендеу және алда жеңістер тілейміз!