13.12.2021
ЖАСТАР ФОРУМЫ-2021
9 желтоқсан күні Шортанды кентінің мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған “Ұлы дала жастары-2021” жастар форумы өтті.
Іс – шара Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ақшалов Мерей Төлегенұлы мен Шортанды ауданы Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Аят Аманжолдың құттықтау сөзінен басталды.
Форумда жас кәсіпкерлер, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары, "Сенім" еріктілер қозғалысының белсендісі, жас мұғалімдер мен белсенді студент жастар сөз сөйледі.
Форумға мектебіміздің жас маманы, математика пәнінің мұғалімі “Дипломмен ауылға” спикері ретінде Амантай Ақерке Айымбекқызы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастардың барлық санатын қолдау мақсатында және ауданның жастар саясатына қосқан зор үлесі үшін 7 “А” сынып оқушысы Малчыбай Айсулу Шортанды ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.