14.12.2021
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Қазақстан эрудиті» облыстық зияткерлік-танымдық байқауы өтті.
Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.
Білім додасына облыстың 9 ауданынан, Степногорск қаласы және 2 ДБАОММИ-дан жалпы саны 12 оқушы қатысты.
Іс-шара зияткерлік қозғалысты дамытуға, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.