18.01.2022
2021 жылдың 29 желтоқсан күні ұлы Абайдың 175 жылдық мерей тойына орай 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық Абайтану олимпимадасының аудандық кезеңі өтті.
- Олимпиаданың негізгі міндеттері мен мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын толык меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибарат алып, емiрде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Қазақстан республикасының дарынды оқушыларын анықтау,дамыту және қолдау көрсету.
- Абай өлеңдерінің мән-маңызы мен қадір
қасиетін түсінуге бейімдеу;
- Абай қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру;
- Абайша ойлауға ұмтылу, сөйлеу мәдениетін
үйренуге,тіл тазалығын сақтауға дағдылану және күнделікті өмірде қолдау мақсаты мен міндетінде өткен олимпиадаға ауданымыздың жалпы орта білім мектептерінен 12 оқушы қатысып, бақтарын сынасты.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 10"А" сынып оқушысы Хуанышбек Айсара ІІ жүлделі орын иеленді.
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серикбай Надя . Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!