Мектепішілік жоспарға сәйкес желтоқсан айында бастауыш және 5-11 сынып оқушылар арасында Абай оқуларының мектепішілік кезеңі өткізілді. Абай оқуларын өткізудегі мақсатымыз:
1. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру;
2.Оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;
3.Адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.
Абай оқулары 4 кезең бойынша өткізілді:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы;
2. «Абайдың қара сөздері» кезеңі- Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу;
3. «Көңілім әнді ұғады» кезеңі – Абай әндерін орындау;
4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңі бойынша оқушылардың өз шығармаларын орындауы.
Осы атаулы кезеңдерден үздік шыққандары,атап айтсақ:
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі бойынша:
I-орын -0 «А» сынып оқушысы Зүлжәлел Абылай Бақбергенұлы, 2 «А» сынып оқушысы Айболатұлы Әли, 6 «А» сынып оқушысы Мейрамбек Айдана, 10 «А» сынып оқушысы Әбілұлы Жәнібек;
II-орын -2 «А» сынып оқушысы Мейрамбек Жадыра, 3 «А» сынып оқушысы Амангелді Камшат;
III-орын- 1 «А» сынып оқушысы Ержанқызы Айару, Мейірхан Фариза, 7 «А» сынып оқушысы Кузнецова Амина иеленді.
«Абайдың қара сөздері» кезеңі бойынша:
I-орын -7 «А» сынып оқушысы Малчыбай Кұнсұлу;
II-орын- 8 «А» сынып оқушысы Өнержан Ақерке иеленді.
«Көңілім әнді ұғады» кезеңі бойынша:
I-орын- 5 «Б» сынып оқушысы Козлова Альфия;
II-орын -Хуанбай Нұрайым 8 «А» сынып.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңі бойынша:
I-орын- 9 «А» сынып оқушысы Нұрлан Аяулым иеленді.