20.01.2022
"Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы"Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің 14.01.2022 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес,
- меншік нысанына қарамастан білім, беру объектілерінің жұмысына рұқсат етілді:
- облыс және аудан орталықтарының 600 оқушыға дейінгі мектептері штаттық оқыту форматында жұмыс істейді;
Шортанды ауданында ІІІ тоқсанда оқушыларды оқыту штаттық форматта ұйымдастырылады.
Оқыту форматы бойынша Call-центр телефондары арқылы хабарлассаңыздар болады:
871631-20156,
87787677654,
871631-35171,
87026230362,
871631351-70,
87771764515
1) колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту:
- аралас оқыту форматы: онлайн форматта дәрістер өткізу;
- икемді кесте бойынша: практикалық, зертханалық, семинарлық оқыту -штаттық форматта;
2) мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында оқыту:
- штаттық режимдегі жеке сабақтар;
- топтық сабақтар-10 адамға дейін;
- түзету орталықтарында/мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған кабинеттерде-эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан штаттық режимде 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар;
Вакцинацияның толық курсын аяқтаған студенттерді штаттық режимде оқытуға рұқсат етіледі (білім мекемесі әкімшілігінің қалауы бойынша).