17.01.2022 күні Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі жоспарға сай ата-аналар қауымымен жиналыс өткізді. Жиналыста келесі тақырыптар қарастырылды: 1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу; 2. Жасөспірімдерге қатысты ересектер тарапынан болатын зорлық - зомбылықтың алдын алу;3. Жыныстық қолсұғылмаушылық 4. Балалар қауіпсіздігі (өрт қауіпсіздігі, су қоймаларындағы қауіпсіздік); 5. Балалардың бос уақытының тиімді пайдаланылуы; 6. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысыты оқу үдерісінің ұйымдастырылуы; 7. Жасөспірімдерді вакцинациялау бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ахметова Ш.Х., "Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шортанды аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ-нің бас маманы Илюбаева Н.Н. сөз сөйледі.