16.02.2022
Шортанды ауданының аумағында
14-23 ақпан аралығында «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, оның мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автомашина жүргізушілерінің, әсіресе мектептердің жанында жол қозғалысы ережелерін бұзуының жолын кесу болып табылады. Акция балалар мен ересектерге жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы еске салуға, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұратын және оқитын жерлердегі көліктік ортаға бейімдеуге арналған.