17.02.2022
022 жылдың 11 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Тіл дарыны» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері: - үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтау және қолдау; Іскерлік және халықаралық қатынас құралы ретінде тілді меңгеру деңгейін анықтау, үштілділікті насихаттау;
Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; Тілдерді меңгеруге қызығушылықты ояту; Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; Тіл мәдениетін жетілдіру; Оқушылардың үш тілді меңгеруіне ықпал ету және ынталандыру.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Бахитбек Назым 1 орын иеленіп,байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.9 сынып оқушысы Мукушев Мақсат және 11 сынып оқушысы Амангелді Гүлмира 2 жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар мектебіміздің 10 сынып оқушысы Мухиден Мақсат алғыс хатпен марапатталды . Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!