17.02.2022
Білім басқармасы мен «IQanat» қоғамдық қоры
арасындағы ынтымақтастық туралы
меморандумға сәйкес ауыл мектептерiнiң оқушыларын қолдау мақсатында 11-13 ақпан аралығында Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Білім-инновация»
лицей-интернатында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Костанай облыстарының ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алғаш рет «Hucuton» IT-camp өткiзiлдi.
Хакатон-бұл әзірлеушiлер форумы, командалар қысқа уақыт ішінде өнімнің прототипін жасауы керек жарыс. Дәл осы жарысқа мектебіміздің 9 сынып оқушысы Дамас Аяулым қатысып, Arduino платформасының негiзiнде қозғалыс сенсорларын, есік ашатын сенсорларды, температура мен жарық сенсорларын жалғап, «Ақылды уй» жобасын жасап, 3 орын иегері атанды .Оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!