26.02.2022
17.02.2022 жыл мектепшілік жоспарға сай бастауыш бірлестігінің ұйымдастырылуымен «Даланың дара ұстазы» Ы. Алтынсарин оқуы өткізілді. Бұл сайысқа 1-10 сынып оқушылары белсене қатысты.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсарин ның өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Оқушыларға сайыс жүргізе отырып дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілетін дамыту сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Мектебіміздің 0-10 сынып оқушылары қатысты.
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді.
1. «Кел, балалар, оқылық»
Оқушылар Ы.Алтынсарин өлеңдерін жатқа айту.
2. «Ыбырай атамызға арнау»
Оқушылар өз шығармаларын ұсыну.
3. «Суреттер сөйлейді»
Ыбырай шығармаларына сурет салу.
Қатысушы оқушыларымыз 1,2,3 жүлделі орындармен марапатталды. Құттықтаймыз!