02.03.2022
2022 жылдың 1 наурыз күні Шортанды №3 жалпы орта білім беретін мектебінің негізінде Республикалық М.Мақатаев оқуының аудандық кезеңі өткізілді. Жалпы бiлiм беретiн бiлiм
ұйымдарының 8-11 сынып
оқушыларының арасында өткен М.Мақатаев оқуының міндеттері мен
мақсаттары: Оқушылар арасында өткізілетін
М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзiнiң құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой-пiкiрлерiн ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
Жас ақындарға әлеуметтік рухани қолдау көрсетіп,олармен
шығармашылық жұмыс түрлерiн жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дуниетанымдары мен сана-сезiмдерiн, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Байқауға мектебімізден 3 номинация бойынша 4 оқушы қатысты.
«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясынан өз шығармашылығымен 8 сынып оқушысы Мейремхан Наурыз ІІІ орын және
«Айтып өткен акында арман бар ма?» номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Бахитбек Назым ІІІ орын, 10 сынып оқушысы Мухиден Мақсат ІІ орын иеленді . Оқушыларымызды марапаттарымен құттықтаймыз!!!