"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік мұғалім-2019" байқауы

19.04.2019

       Көктемнің көңілді «Көкек» айымен тұспа тұс келіп жеткен, яғни 1-сәуір күлкі күнінің  қарсаныңда Степной орта мектебі кезекті «Үздік мұғалім-2019» байқауын өткізді. Байқауға мектебіміздің түрлі қызыметте жүрген ұлағатты ұстамды ұстаздары қатысты. Өткізілген іс-шара мектеп мұғалімдері үшін қиынға түскен жоқ десек болады, себебі биыл осы байқау біздің шаңырағымызда  жүргізіліп отырғанына «5»-інші жылға аяқ басты.

         Байқау барысында мектеп директоры Аубакирова Қ.Б, оқу ісінің меңгерушісі Тынысбекова Б.К, химия пәнінің мұғалімі Абишев К.В, математика пәнінің мұғалімі Салкимбаева Б.С, бастауыш сынып мұғалімі Казанцева В.В қазылық етті. Байқау басталмас бұрын жиналған қатысушылар жеребе бойынша сахнаға шығуды анықтады.

         Жыл мұғалімі байқауы – ол  педагогикалық шеберліктің, алдыңғы қатарлы тәжірибенің  үздік үлгісі болып саналады.Мұғалімді сан-қырынан шындайтын құрал. «Үздік мұғалім» атанудын өзі, қарапайым ұстазға үлкен мәртебе, ерен еңбегінің жемісі болмақ.

         «Үздік мұғалім-2019» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Далел Ақжарқын, тарих пәнінің мұғалімі Сахабанова Сания Турсыновна, физика  пәнінің мұғалімі Асаби Ирангул, музыка пәнінің мұғалімі Билал Ерболат және орыс сыныптарына тарих пәнінен сабақ беретін тарих мұғалімі Анацкая Ирина Геннадьевна бағын сынады. Бір шаңырақта қызмет ететін қатысушыларды қанаттандырып, қолдау көрсету де   ұстаздар қауымы қазіргі кезде құрбы-достай болып кеткен жанашыр жандар қасынан табылып, осы кештін көзайымы болды. Байқау  шарты 5 кезеңнен тұрды: «Менің педагогикалық қызметім» таныстыру сайысы. Бұл кезеңде сайыскерлер өздерін таныстырып, өмір жолына, жұмыстағы  қызмет жолымен жетістіктеріне шолу жасап, видеороликтермен слайдтар көрсетті.

         Одан кейінгі кезеңде мұғалімдер осы оқу жылында оқушыларымен өткізген ашық сабақтарды, іс-шаралар жайында ақпараттарды ұсынды .  Осы кезеңде қазылар алқасы педагогтардың біліктілік тәжірбиесін сараға салды.

        «Педагогикалық жағдаят» сұрақтар сайысы. Бұл сайыста қатысушыларға жасырын тұрған келеңсіз сұрақтарды таңдап, жағдаяттан шыға білу жағдайы туды.  Алайда маман иелері әр-түрлі жағдаяттағы сұрақтарға ұтымды жауап беріп, қиындықтан шығу жолын таба білді.

         Эссе жазу сайысы.  Сайыс барысында педагогтарға «Ел ертеңі-білімді жастар», «Ұлы даланың жеті қыры», «Ұстаз ұлағатты тұлға»  атты тақырыптарда эссе жазу міндеттеліп, шығармашылық шеберліктері сынға түсті. 

         Осы бір сәтте азғана үзіліс жарияланып қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі  Нұрманғали Ләззат Қадырқызы әдемі әуен орындап, көзайым көрерменге көтеріңкі көңіл күй тарту етті.

       Соңғы кезең «Менің сүйікті ісім» сайысы. Осы сайыс барысында әр үміткер өз өнерін ортаға салды.Қатысушы Асаби Ирангул мен Нұрманғали Ләззат Қадырқызымен қосылып дуэт орындаса, үздік мұғалімдікке дәмелі екі үміткеріміз Билал Ерболат пен Сахабанова Сания Тұрсынқызы да қалыс қалмай  ән орындап  көрерменді тәнті етті. Ал кезекті сайыскерлеріміз  Анацкая Ирина Геннадьевна сүйікті ісі ас дайындау екендігін көрсетіп, таныстырды, бастауыш мұғалімі Далел Ақжарқын өмірге жаңа көзқарастар қалыптастыратын мотивациялық қызықты тренингін жүргізіп қазылар алқасына тұщымды ой-салды. 

         Осылай 5 бағыттан тұратын үздік ұстаз байқауы мәресіне жетті. «Үздік мұғалім-2019» үміткерін таңдауда қазылар алқасы қатысушыларды, орындарға  емес, номинация бойынша тағайындауды дұрыс деп ұйғарды.  Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша Асаби Ирангул «Үздік жанрлық фото», Далел Ақжарқын «Үздік видеоролик», Билал Ерболат «Үздік эссе», Сахабанова Сания Тұрсынқызы «Үздік сабақ» атағына ие болды. Мектепшілік «Үздік мұғалім-2019» байқауының жыл ұстазы атағын тарих  пәнінің мұғалімі  Анацкая Ирина Геннадьевна атанып, аудандық үздік мұғалім байқауына жолдама алды.

        Барша ұстаздарды номинацияларымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жұмыстарына жеміс, шығармашылықтарына табыс тілейміз! Көктемнің күн шуағындай шуақ шашып жүре беріңіздер!

Просмотров: 475


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст