Текст
04.04.2022
Ақмола облысында IQanat олимпиадасының екінші кезеңі өтті
Екі сағаттың ішінде балалар бір блок – математика, физика, химия, биология және екінші блок – Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы және география бойынша тапсырмаларды орындауы керек болды.
Сондай-ақ, олимпиада аясында мектеп оқушылары тұлғалық өсуді дамытуға, оқу мотивациясын және кәсіби бағдарын арттыруға бағытталған оқу семинарлары мен тренингтерге қатысты.
«Бұл олимпиаданың ерекшелігі сол, олимпиада финалистері EduCon білім беру орталығының қашықтан платформасы арқылы 2 жыл бойы ҰБТ-ға дайындалу мүмкіндігіне ие болады, сонымен қатар қордың басқа да көптеген іс-шараларына қатысады. Ал ең дарындылар Бурабай ауданы, Щучье көлінің жағасында орналасқан IQanat мектебінде оқу грантының иегері бола алады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

