04.04.2022
2022 жылдың 1 сәуірі күні
9.11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру
болашақ мамандығын анықтауға бағытталған жұмыс жүргізілді. «М.Тынышпаев атындағы ҚазАТК» АҚ «Ақмола колледжі» ЖШС өкілдері оқушылармен әңгімелесіп, оларды мамандықтарымен, оқу мерзімімен таныстырып, оқуға түсу үшін қандай құжаттар тапсыру керектігімен бөлісті. Кәсіптік бағдар берудің мақсаты – оқушыларға мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, әр адамның жеке ерекшеліктеріне сәйкес кәсіби таңдау жасауға психологиялық дайындығын қалыптастыру және оқушылардың кәсіптік жоспарлау саласындағы құзыреттілігін арттыру.