Текст
Мектепішілік жоспарға сәйкес 12-сәуір күні 4 "А " сынып жетекшісі Хавдикарим Р. қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: Сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Мұғалім сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын оята білді.Сабақта әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдана білді.Оқушылар белсене қатысып,сабақ жоғарғы деңгейде өтті.