2022 жылдың 21 сәуір күні Шортанды №3 жалпы орта білім беретін мектебінің негізінде 2-7 сынып оқушылары арасында Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау балалардың танымдық қызығушылықтары және зияткерлік шығармашылық әлеуетін ынталандыру, оқушылардың зияткерлік шығармашылығын ерте мектеп жасынан дамыту,бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығн ояту, ғылыми техникалық және зияткерлік шығармашылық саласында қабілетті және дарынды балаларды айқындау, оларға қолдау көрсету, оқушылардың жоғары жетістіктерін, білім беру ұйымдарының оқу және ғылыми ізденістегі жұмыс тәжірибесін, өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды насихаттау және демонстрациялау мақсатында өткізілді. Мектебіміздің 4 сынып оқушысы Бауыржанқызы Назерке "Сүттің пайдасы және сүттен дайындалатын өнімдер" тақырыбында қатысып ІІ жүлделі орынға ие болды .Және 3 сынып оқушысы Булыгин Кирилл "Необходимы ли закладки в учебниках" тақырыбында қатысып ,І орынға ие болып облысқа жолдама алды . Құттықтаймыз!!! Жеңісті күндер көп болсын!!!