25.04.2022
2022 жылдың 20 сәуір күні Шортанды №3 жалпы орта білім беретін мектебінің негізінде 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты:оқушылардың ғылыми зерттеу және танымдық жұмыстарын ынталандыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету.
Мектебімізден ғылыми жоба қорғауға 3 оқушы қатысты. 9сынып оқушысы Валеева Александра жүлделі ІІІ орынға, 8 сынып оқушысы Жанарбек Мұхаммед ІІ жүлделі орынға , 8 сынып оқушысы Мейремхан Наурыз Іорынға ие болып облыстық кезеңге жолдама алды . Оқушыларымызды және ғылыми жетекшілерді құттықтаймыз!