Текст
Мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес 20 сәуір күні мектебімізде «Педагогикалық тәжірибені жалпылау» әдістемелік күні өтті. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе педагогика ғылымының дамуына игі әсерін тигізеді, білім мен тәрбие сапасын арттырудың бір құралы болып табылады. Педагог-зерттеушілер педагогикалық тәжірибелерін қорытындылады: Алдабергенова А.Г. - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Әбішев Қ.В. - химия және биология пәнінің мұғалімі; Рецлав С.В. – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі; Анацкая И.Г. - тарих мұғалімі. Мұғалімдер өз жұмыстары туралы есеп берді, әріптестерімен өз өнерлерімен бөлісті.