2022 жылдың 16 маусымында "Ақмола облысы Бiлiм басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта бiлiм беретiн мектебі"КММ-де 9 сынып түлектері үшін аттестат тапсыру салтанаты мектеп аумағында өткізілді. Мектебiмiздiң директоры Тынысбекова Балшекер Калабаевна тулектерiмiздi құттықтап, негiзгi орта бiлiм беру туралы аттестатын табыстады. 2021-2022 оқу жылын мектебімізде 9 сыныпты-22 оқушы(қазақ тілді оқыту-14 оқушы, орыс тiлдi оқыту-8 оқушы), аяқтады. Оның ішінде Үздік аттестатпен бітірген 9 сынып окушылары: Рахимов Айдын , Дамас Аяулым, Салкимбаева Дильназ, Мукушев Мақсат. Ата-аналар, сынып жетекшілер ,мектеп бітіруші тулектерiмiзге ең жылы сөздерi мен тiлектерiн бiлдiрдi. Ал мектеп бітірушілер өз кезегінде мұғалімдер мен ата-аналарына әсерлі әндер мен өлеңдер арнады. Түлектерiмiз "емір" деп аталатын кітаптың жаңа тарауын бастағалы жатыр. Бұл қаншалықты қызықты және терең болатыны өздеріне байланысты. Түлектерімізге өмiр жолында сәттілік пен жақсы жетістіктер тiлеймiз!