19.06.2022
Мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырғаннан 11 сынып түлектеріне 17 маусым күні «Қош бол аяулы мектебім » атты мектепті бітіру кеші өткізілді.Бітіру кешіне оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысып, мектеп директоры Тынысбекова Балшекер Калабаевна түлектерді құттықтап, түлектерге жалпы орта білім беру аттестаттарын табыстады. Ата-аналар , мұғалімдер түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Түлектеріміз де мектепке , мұғалімдерге алғыс білдіріп, ән арнады.
Түлектер ,сіздерге Сәт - сапар және ақ жол тілейміз. Өйткені болашақтарыңыз бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өміріңізге жаңа бағыт, жолдама алып отырсыздар. Өмір жолында тек жақсылық тілейміз !!!