29.09.2022
Балалар жылы мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай және жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушылар ды тәрбиелеп шығару мақсатында 2022 жылы 20 қыркүйек күні 9 сынып оқушылары сынып жетекшілері Ибраева Шаттык Балыкбаевнаның ұйымдастыруымен, ата-аналардың қолдауымен «АЛЖИР» тарихи-мәдени мұражайына экскурсияға барды.
Акмол ауданында орналасқан мұражай,ауданның кіреберісінде орналасқан және оның алып жатқан орны айтарлықтай ауқымды екен. Ішкі және сыртқы мұражай болып бөлінеді.Сыртқы келбетінде «Қызылша вагоны», бір корпус-үй, екі бақылау бағаналары, үміт үзген әйелдерге арналған екі ескерткіш, лагерде тұтқын болған 8000-ға жуық әйелдердің есімдері жазылған еске алу қабырғасы бар екен. Экскурсиядан кейін АЛЖИР абақтысы туралы кинокөрсетілім көрсетілді.
Оқушылар экскурсияның арқасында тарихқа да көз жүгіртіп, бір жағынан Алаш азаматтарының ерен еңбегімен танысты.