"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Степной ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Степное отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қадірлі ұстаздар!

10.10.2022
Қадірлі ұстаздар!
Біз сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Білімнің күші
құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. білім мен ғылым арқылы
өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын
табады.
Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының,
өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені
жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше,
ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің
жемісі болмақ.
«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген
екен Ахмет Байтұрсынұлы.
Ұстаз — осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ
тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами
қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты.
Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл — айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше
кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге
мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан
тәлім арқылы жұғады.
Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің
идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері,
ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады.
Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.
Просмотров: 157


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст