Текст
4.10.2022 жылы 5 а және 5 б оқушыларына Астана қаласындағы орналасқан Ұлттық мұражайға экскурсияға ұйымластырылды.Ұлттық мұражай орта Азиядағы ең үлкен мұражай болып танылған.Музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. Аса ірі бірегей музей кешені 74 000 шаршы метр жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 шаршы метрден асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде бірнеше зал бар. Олар: Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Алтын залы, Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы.Оқушылар бұл саяхаттан үлкен әсер алып келді. #балаларжылы2022