03.11.2022
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 20-22 қазан аралығында Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған IX республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Жалпы конкурсқа обылыс бойынша 104 оқушы қатысты. Біздің ауданымыздан мектебіміздің 10 сынып оқушысы Дамас Аяулым қатысып, грамота және сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тынысбекова Балшекер Калабаевна Құттықтаймыз