Текст
04.11 күні халықтық коалицияның сенімді өкілдері Шортанды аудандық қоғамдық штабының мүшелері Қожамсейітов А.Ш. Жукова И.Н. бірге Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевты қолдау мақсатында Степное ауылындағы орта мектеп ұжымымен кездесу өткізді. Сайлауалды бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тоқаев Қ.Қ. ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, ауылдарды көркейтуге, ауылдық аумақтарды сақтауға, жерді мақсатты пайдалануға, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтаруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға берілді. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік блогына ерекше назар аударылды.