Текст
Ақмола облысының білім басқармасы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқаны басталғанын хабарлады. Акцияның негізгі мақсаты – зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық-құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және тұрмыстық қылмыстардың алдын алу.