«Отбасы шағын мемлекет» демекші, өз отбасымды әрине айрандай ұйыған, тату-тәтті бірлікте өмір сүріп жатқан қарапайым қазақ отбасылардың біріміз.
Қара шаңырағымыздың ақылшысы арқа сүйеріміз-жан әкем...
Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.
Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан «Отан от басынан басталады» дегендей өз еліңді сүю отбасынан басталатыны рас. Отбасы табиғат сылаған кереметтің бірі.
Отбас - өте қажетті, басқадайеш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. «Әке-асқар тау,
ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» деп ата-ана мен баланы табиғат құбылысына теңеген.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан ана бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады.
Менің отбасымда асқар тау әкем, асыл анам әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын-ағам, көмекшім бауырым бар. Менің тілегім отбасым бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаса деймін.
Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.