Текст
Мен өз отбасымды жақсы көремін. Біздің отбасымыз әрқашанда тату. Тек ғана отбасымызда бақыт, табыс, сүйіспеншілік бола берсін деп тілеймін. Әрқашан қуанып, күліп жүре берейік, ән салып, күй тартып. Сондай бақыт бола берсін деп ойлаймын. Біз отбасымызбен бірге осылай қуанып, жақсылықпен күліп жүре берейік.
Отбасым деген сөз өте жылы сөз, адамның көңіл-күйін, көз қуанышын, әсер ететі сөз екенін байқадым. Егер отбасың бар жерде бақыт, табыс бәрі болады деп ойлаймын. Мен өз отбасыма арнап жүректен шыққан өлең жолдарымды арнамақпын:
Әрқашанда жүреміз,
Қуанышты қуатты.
Бірге ойнап, күлеміз,
Көңіліміз жайқалып.
Әрқашан жүреміз,
Үнемдеп уақытты.
Әзілдеп ойнаймыз,
Отбасым бақытты.