Менің отбасымда он адам бар. Олар: ақылшы атам, мейірімді әжем, асқар тауым әкем, аяулы анам, екі бауырым,екі қарындасым және мен.
Әр адамда өз отбасы бар. Сол отбасындағы әр бір адамға қиналған да қол үшін беріп жұбата білу әр адамның міндеті. Отбасында барлық адам ең жақын жандарың болып келеді. Отбасы деген ең жылы ұямыз. Біз отбасымызбен мақтануымыз қажет. Менің ақылым-отбасыңды әр қашан құрмет тұта біл!
Отбасын жақсы көрмейтін бала жоқ шығар. Мен де өз отбасымды жанымдай жақсы көремін. Ең бастысы бәріміз аман болсақ деп тилеймін.Ата-әжемізде ақылшы боп жанымызда отыра берсе деймін. Өз отбасыма арнап мына өлең шумақтарын шығардым.
Отбасы-жылы ұямыз,
Тірегі-ата-анамыз.
Уыз-сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.
Тәрбие мектеп-отбасы,
Ақылды баулып,тіл ұштар.
Өремдей тезге тартылған,
Әдепті бейне дұрыстар.