2017 жыл 25 желтоқсанда Шортанды аудандық оқу бөлімінің ұйымдастыруы бойынша Фариза Оңғарсынованың аудандық бірінші оқуы өтті. Аудан бойынша 10 мектеп, 39 оқушы байқауға қатысуға тілек білдірген.
Осы бір іс – шараны өткізу Раевка орта мектебінің еншісіне түскен екен.
Мектеп ұжымы салтанатты түрде Фариза оқуын қазақ, орыс тілінде бастап, қыздардың қазақ биімен жалғастырды. Оқудың тұсау кесерін аудандық оқу бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері Хапур Айнагул ашты, байқау ережесімен таныстырып, Фаризаның оқуы алдағы жылдары жалғасан табатыны туралы айтып, әділқазылармен таныстырып, сәттілік тіледі. Содан соң сөз кезегі осы оқу орны ының директоры Буғубаева Г.-ға берілді, өзінің сөзінде ұстаздарға, оқушыларға сәттілік тіледі.
Фаризаның өлеңдерін басқа ұлт өкілдері сүйіспеншілікпен нақышына келтіріп айттып берді, көрермен тәнті болды. Ұстаздар да Фариза оқуына келген қонақтарға жылы лебізбен, ән шырқап, би билеп берді.
Фариза оқулары екі номинация арқылы өтті: «Эстрадалық вокал» байқауына - 18 оқушы, «Көркем сөз» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу - 20 оқушы аудан бойынша өтініш берген.
Өлең оқуда біздің Степной орта мектебінен Амангелды Роза 8-сынып оқушысы, өзге ұлт өкілі 6-сынып оқушысы Рева Кирилл және 11-сынып оқушысы Белялова Айдана қатысты. Ән айтуда барлық аудандық оқуларға белсенді ат салысып жүрген 8-сынып оқушысы Саулетай Женіспен, 11 сынып оқушысы Бақытбек Дана. Біздің мектептің оқушыларының өздерінің сахнада ұстауы, 11- сынып оқушысы Беләлова Айдананың өлеңіне видео презентациясымен барғаны, олардың дайындаған папкалары туралы әділқазылар оң бағасын берді. Осы Фариза
оқуында біздің мектептің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Саулетай Жеңіс, Бақытбек Дана, Белялова Айдана –2 орын, және Рева Кирилл, мен Амангелды Роза - 3 орынды иеленді. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтап шығармашылық табыс, алатын щыңдары көп болсын дегім келеді.